Жаңалықтар

Жаңалықтар

Азаматтарға арналған үкімет «Мектепке жол» акциясын өткізді

14.08.2019

Жаңа оқу жылы қарасаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларды қолдау мақсатында республикалық «Мектепке жол» акциясын өткізді.

1 қыркүйек күніне орай, балалардың оқу портфелін дайындап, қажетті мектеп формасымен қамтамасыз ету үшін корпорация қызметкерлері қаражат жинап, әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан балаларға көмектесті. 
«Баланы мектепке жинау көп шығынды талап етеді. Ал отбасында бірнеше бала болса, тіптен қиын. Бұл шараға қатысуымыз корпорациямыздың  әлеуметтік жауапкершілігінің тағы бір көрінісі. Мен көмек қолын созып, өз отбасының бюджетінен қаржы бөлген әріптестеріме алғысымды білдіремін», – дейді басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева.
Шара барысында корпорацияның қызметкерлері 1,8 млн теңге қаражат жинап, 200 баланың мектепке баруына жағдай жасады.
Қайырымдылық акциясы жыл сайын ҚР Білім және ғылым министрлігінің және «NurOtan» ХДП ұйытқы болуымен өтеді.