Жаңалықтар

Жаңалықтар

Азаматтарға арналған үкімет Алматы мен оның өңірінде екі мамандандырылған ХҚО ашты

Бүгін Алматы қаласы мен Алматы облысының Қарасай ауданында бір-бір мамандандырылған ХҚО іске қосылды. Мегаполистегі орталықтың ашылу салтанатына «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташаева, қала әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов және ғимарат иесі – кәсіпкер-меценат, олимпиада ойындарының жеңімпазы Жақсылық Үшкемпіров қатысты. 


Жаңа орталық алматылықтарға 1 аптада 2 мыңға жуық қызмет көрсетті

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мегаполистердегі халыққа қызмет көрсету орталықтардың жүктемесін азайтып, қызметалушылар үшін ыңғайлы жағдай жасау мақсатында өткен аптада Алматы қаласының Алмалы ауданында тағы бір ХҚО іске қосқан болатын. 


Зейнеткерлікке смс арқылы шығуға болады

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы зейнеткерлікті проактив әдісімен рәсімдеу бойынша пилоттық жобаны іске қосты.   
Аталған пилотты жүзеге асыру жөніндегі бірлескен бұйрыққа ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қол қойды. Жоба әзірге «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының зейнет жасына жететін қызметкерлерін қамтиды. Бүгінде корпорацияда 22 мың қызметкер еңбектенеді. 


«Азаматтарға арналған үкімет» жүргізушілер арасында өткен байқауды қорытындылады

«Азаматтарға арналған үкімет» жүргізушілер арасында өткен «Көлігіңді онлайн тіркеп, ұтып ал оған дөңгелек» атты байқаудың қорытындысын шығарды. Ұтыс ойыны астаналық мамандандырылған ХҚО-да өтіп, корпорацияның ресми Instagram әлеуметтік желісінде тікелей трансляция арқылы көрсетілді. 


Ядролық жарылыс салдарынан зардап шеккен 3 мыңдай адамға өтемақы тағайындалды

29 тамыз – Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күрес күні. Қазақстанда ядролық сынақтар 40 жыл бойы жүргізілді. 


Азаматтарға арналған үкімет Алматының Алмалы ауданында тағы бір ХҚО ашты

Алматы қаласындағы Алмалы ауданында екінші халыққа қызмет көрсету орталығы іске қосылды. Бұл туралы фейсбуктегі өз парақшасында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева мәлімдеді. 


«Азаматтарға арналған үкімет» жылжымайтын мүлікті тіркеу бойынша 2 млн-нан астам өтініш тіркеді

«Азаматтарға арналған үкімет» бір жылда жылжымайтын мүлікті тіркеу қызметі бойынша 2 млн 30 мыңнан астам өтініш тіркеді. Естеріңізге сала кетейік, жылжымайтын мүлікті тіркеу қызметі Әділет министрлігінің құзіретінен мемлекеттік корпорацияға 2018 жылдың 30 шілдесінде берілген болатын.


Тараздық батыр анаға жәрдемақы смс арқылы тағайындалды

 Көп балалы «Алтын алқа», «Күміс алқа» иеленген аналарға тиісті жәрдемақы  проактив тәсілімен тағайындалатын болды. «Азаматтарға арналған үкімет» жаңа пилоттық жоба аясында 6-7 баласы бар әйелдерге еш құжатсыз-ақ керекті төлемдерді аударатын болады. 


Нұр-Сұлтанда жаңа көлікті енді автосалонда тіркетуге болады

«Азаматтарға арналған үкімет» астаналық көлік иелері үшін тамыз айының басынан жаңа жобаны іске қосты. Енді автосалоннан жаңа автомобиль сатып алатындар оны бірден тіркеуге қойып, құжаттарын жасата алады. 


Асқар Жұмағалиев Павлодардағы ХҚО жұмысымен танысты

Павлодар қаласында іс-сапармен болған ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өндірісі министрі Асқар Жұмағалиев халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысымен танысты.