Блог председателя

Блог председателя

20 января 2020, обращение от: Райхан Алтенова

Янв. 23, 2020

Сұрақ:

Саламатсызба, Сізден корпорция арқылы жер учаскесінің су қорғау аймағына кіреді немесе кірмейтіні туралы анықтаманы алу үшін корпорцияға қанша теңге төлеуіміз керек? Осыны анықтап беруіңізді сұранамын

Жауап:

Құрметті Райхан Алтенова!

Сіздің өтінішіңізге қатысты келесіні хабарлаймын.
Сізге қажетті ақпаратты алу үшін жер учаскесінің орналасқан жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қоғам) жергілікті жер бойынша филиалына хабарласу қажет. Көрсетілетін қызметтің құны Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а.  2016 жылғы 26 қаңтардағы № 87 «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы»  бұйрығына сәйкес айқындалады.
Бұл ақпарат Қоғам филиалдарында су қорғау аймақтары бойынша материалдар болған жағдайда берілуі мүмкін екендігін қосымша хабарлаймын.