Блог председателя

Блог председателя

5 января 2020, обращение от: Куралбек Кыдырбек

Янв. 14, 2020

Сұрақ:

Сәлеметсізбе! Мен жалпы ЦОН қызметкерлерінің өз ісіне немқұрайлылықпен қарайтынына және халыққа немқұрайлықпен қызмет көрсету әрекеттеріне бірнеше мәрте куә болдым және бірнеше мәрте Шымкент қалалық филиалы басшысының атына арызда жазған болатынмын. Алайда тиісті шара қолданылмайды. ал Шымкент қалалық орталық ЦОНның қызметкерлері қалай болса солай сөйлеп, жұмыс барысында шаймандап сағыз шайнағанымен қоймай, аттары жазылған бейжиктерін тапқпай, әр түрлі киімдермен қызмет көрсетуде. Осы бір тәртіпке келтірсеңіздер.

Жауап:

Құрметті Куралбек!

Сіздің өтінішіңізді қарап, келесіні хабарлаймын.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шымкент қаласы бойынша филиалы (бұдан әрі – Филиал) жұмыскерлер арасында іскерлік этика нормаларын сақтау бойынша оқыту, сондай-ақ кәсіби білім мен құзыреттілікті арттыруға бағытталған іс-шараларды тұрақты негізде жүргізіп отырады.     
Сонымен бірге «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма аппаратының Ахуалдық орталығы бейнебақылау камералары арқылы фронт-офистің мамандарының Іскерлік этика кодексінің талаптарын сақтауларын бақылап отырады, атап айтқанда: 
1.    киім киюде іскерлік консерваторлық стильді сақтау;
2.    мемлекеттік қызметтер көрсету процесіне тікелей қатысатын барлық жұмыскерлердің лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты көрсетілген, фотосуреті бар бейджді міндетті түрде тағуы;
3. қызмет алушыларға қызмет көрсету процесінде жеке сипаттағы мәселелер бойынша ұялы телефондар мен  басқа да заманауи байланыс құралдарын пайдалануға жол бермеу.
Филиал ұсынған деректерге сәйкес, расымен де Сіз 2018 жылы 3 рет Филиал директорының атына жұмыскерлердің іс-әрекеттеріне қатысты өтініш жолдағансыз. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы Заңға сәйкес, Сізге жауаптар уақытылы берілген. Алайда, растайтын материалдардың болмауына байланысты, жұмыскерлерге қатысты тәртіптік сипаттағы шара қолданылған жоқ. 
Осылайша, Сіздің өтінішіңізді егжей-тегжейлі қарастыру үшін қосымша ақпарат – жұмыскерлердің анықтамалық деректері (аты-жөні, лауазымы) қажет.