Блог председателя

Блог председателя

6 сентября 2019, обращение от: Актоты Сулейменова

Сен. 10, 2019

Сұрақ:

Салеметсыз бе!Мен жакында 07.05.2019 ж тортинши баланы дуниеге акелдым.Бирак бугин гана ГЦВП-га барып копбалалы отбасы деген книжка алдым.Енды сол книжканы ЦОН-га барып тиркетемын бе алде ол автоматты турде шыгып турады ма ?Мемлекеттын берип жаткан 300мын тг ала аламын ба мен 4 баламен?

Жауап:

Құрметті Ақтоты Сағидоллақызы!

    Сіздің өтінішіңізді қарап, сізге келесіні хабарлаймын.
     Қиын өмірлік жағдайға тап болған Қазақстан Республикасы азаматтарының борыштық жүктемесін азайтуға дер кезінде көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті 2019 жылғы 26 маусымдағы № 34 «Қазақстан Республикасы азаматтарының қарыздық жүктемесін азайту жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа (бұдан әрі - Қаулы) қол қойды. Осы Жарлықпен екінші деңгейдегі банктерде және микроқаржы ұйымдарында қамтамасыз етілмеген тұтынушылық несиелер бойынша берешекті өтеу бойынша бір реттік шаралар қарастырылған.
    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 шілдедегі № 520 қаулысымен «Екінші деңгейдегі банктерде және микроқаржы ұйымдарында қамтамасыз етілмеген тұтынушылық несиелер бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының қарыздық жүктемесін азайту, төлем қызметтерін ұсынғаны үшін комиссия төлеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарына айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығару үшін қаражат пайдалану қағидалар» бекітілді. (бұдан әрі - Қағидалар).
    Қазақстан Республикасының азаматтарын әлеуметтік қолдау шеңберінде екінші деңгейдегі банктердегі және микроқаржы ұйымдарындағы кепілсіз тұтынушылық қарыздар мына талаптардың бәріне сәйкес келген кезде:
    1) 2019 жылғы 26 маусымдағы жағдай бойынша аталған қарыздар бойынша борышкерлер көп балалы отбасылар, асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты төлем алатын отбасылар, мүгедек балалары бар, 18 жастан асқан бала жасынан мүгедектер бар отбасылар, атаулы мемлекеттік əлеуметтік көмек алатындар; жетім балалар, ата-анасынан кəмелеттік жасқа дейін айырылған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар болып табылса;
    2) қарыз бойынша жалпы берешегі 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 3 000 000 (үш миллион) теңгеден аспайтын болса;
    3) 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша негізгі борышы мен оған есептелген сыйақыдан тұратын өтелетін берешектің мөлшері бір қарыз алушыға 300 000 (үш жүз мың) теңгеден аспайтын болса, өтелуге жатады.
    Қарыз жүктемесін азайту үшін бағдарламаға қатысу мәртебесін келесідей тексеруге болады:
    - электрондық үкімет порталында (egov.kz);
    - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында;
    - Мемлекеттік корпорацияның фронт-офистерінде;
    - бірыңғай – 111 нөмірі арқылы. 
    Егер Cіз жоғарыда аталған санаттарға жататын болсаңыз, бірақ сізде бұл мәртебе болмаса, келесі нөмірлерге хабарласып, өзіңіз және сіздің отбасыңыз туралы мәліметтерді қалдырыңыз: 111, 8 (7172) 74-32-20, 75-01-79, 75-01-78.
    Осыдан кейін мемлекеттік органдар сіз туралы ақпаратты ақпараттық жүйелерде тексеріп, мәртебесі расталғаннан кейін сізді 3 жұмыс күні ішінде тізімге қосады.
    Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша:
- несиелері жоқ;
- жалпы қарызы 3 млн теңгеден асатын;
-заемдары коллекторлық ұйымдарға берілген азаматтар тізімнен шығарылатынын хабарлаймын.
    Келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Сіз несие берген банкке немесе заем берген микрокредиттік ұйымға хабарласа аласыз.