Блог председателя

Блог председателя

7 августа 2019, обращение от: Аманекльды Садвакасов

Авг. 13, 2019

Сұрақ:

 Қайырлы күн! Мен, Аманкелді Садуақасов, Ақмола облысы, Целиноград ауданы, "Халыққа қызмет көрсету орталығының" № 1 бөлімінің (әрі қарай - Бөлім) өте төмен қызмет сапасына қатысты фактыға назарларыныды аударғым келеді. Мен бүгін, яғни 07.08.2019 жылы әскери есепке тұру мақсатында аталған Бөлімге сағат 09:20 келіп, сағат 09:27 № 209 талон алдым. 40 минут шамасында күтіп, кезегім келмегеннен кейін бөлім қызметкерінен және басшысынан мән-жайын сұрасам, тек 1 ғана оператор қызмет көрсетуде, көптеген операторлар жұмыстан шығып кеткен, қазір сағ� �т 11:00 екінші ауысымның қызметкерлері келеді, күтініз деп түсіндірді. Шыдамдылық танытып, тағы да 50 минуттай күтуге келістім. Алайда сағат 11:30-да, яғни талон алғаныма 2 сағаттан көп уақыт өтуіне байланысты кезегім келмегеннен кейін, шыдай алмай Бөлім басшысына тағы бардым. Арада эмоцияға берілген қатқыл түрдегі диалог болды. Бөлім басшысы "Мен сізге күт дедім ғой, кезегініз келеді сонда қызметті көрсетеміз" деп жайбарақат отыр. Менің "2 сағаттан астам кезегімді күтіп отырмын" деген аргументіме, "Бұл күнделікті болатын қалыпты жағдай, Қазақс танның барлық жерінде осылай" деп қарсы уәж айтып, қандайда болсын бір шараны қолға алуға құлықсыз екенін танытты. Осы орайда мені Бөлім басшысының орын алып отырған жағдайға қатысты "Бұл күнделікті болатын қалыпты жағдай ғой" деген позициясы, қызметіне деген немқұрайдылығы мен салғырттығы, халықтың алдындағы жауапкерсіздігі мен бейқамдығы қатты танқалдырды! Жоғарыда көрсетілгендей жағдай тек қана менің басымнан өткен оқиға емес, осы бөлімге келуші барлық азаматтардың бетпе-бет келетін проблемасы деп білемін. Адамдардың кезекте саға� �тап сарылып күтуінің негізгі себебі Бөлімнің операторларының жетіспеушілігінен екенін түсінемін, алайда бұл жағдай Бөліміді, сондай-ақ "Азаматтарға арналған Үкімет" Мемлекеттік корпорациясын" халықтың алдындағы қызмет сапасына қатысты жауапкершіліктен босатады деп есептемеймін. Операторлардың жетіспеушілігі "Бұл күнделікті қалыпты жағдай" деген сынайдағы позицияны ұстанып, халықты көнбістікке үйретуге негіз болмайды деп есептеймін. Осы ретте, азаматтарды сағаттап сарылытып кезек күттіретін "Күнделікті қалыпты жағдайды" түзетуг� � қатысты нақты шараларды қолға алуларынызды сұраймын.

Жауап:

Құрметті Аманкельды!
    Сіздің өтінішіңізді қарап, келесіні хабарлаймын.
    Расымен, Ақмола облысы бойынша Целиноград ауданының №1 бөліміне «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке қою және одан шығару» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі –мемлекеттік қызмет) алу үшін жүгінген кезде 1 сағаттан астам кезекте ұзақ күту фактісі  расталды. Оның себебі бос жұмыс орындарының болуы, ол бойынша бүгінгі күні жұмыскерлерді қабылдау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
    2019 жылғы 07 тамызда сағат 11:36 Ақмола облысы бойынша Целиноград ауданының №1 бөлімінде құжаттарды қабылдау жөніндегі маман М. С. Сәдумен  қолданыстағы бизнес-процеске және бекітілген 2017 жылғы 14 наурыздағы № 113  мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес № 002177600999 өтінім ресімделді.
    Сіздің осы бөлімде өтініш берген сәтте құжаттарды қабылдауды 2 қызметкер жүзеге асырып жатқан.
    Сонымен қатар, бөлім басшысы Е. Кемелбековтың түсіндірмесіне сәйкес, Іскерлік этика кодексін бұзбай, мемлекеттік қызметтерді тек «электрондық кезек» бойынша алу жүзеге асырылатыны туралы түсініктеме берілді.
    Сізге келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймын.