Блог председателя

Блог председателя

7 июня 2019, обращение от: Сұлтанғазы Әбдіхалықов

Июнь 11, 2019

Сұрақ:

Қайырлы күн! Менің Сізге бұл хабарламаны жазу себебім, 2019 жылдың наурыз және мамыр айларында "ИП Абдыкалыков" жеке кәсіпкерлігі атынан Алматы облысы , Қапшағай қалалық азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы филиалы залынан ұялы телефон аксессуарларын сату мен төлем қабылдау қызметі ұсынуға 2 шаршы метр жерді алуға өтініш жазғанмын. Алайда, жауап ала алмай отырмын. Өтінішімді қанағаттандырған жағдайда келуші халыққа да, кәсіпкерлікті дамытуға да пайдалы болар еді. Бірақ, менің өтінішімді қарауға жауапты департамент қызметкерінің кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік саясаттың орындалуына саналы түрде немесе білмей кедергі келтіруі себепті қиындық тууда.

Жауап:

Құрметті Әбдіхалықов Сұлтанғазы!

Сіздің «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қоғам) Алматы облысы бойынша филиалында орналасқан объектіні мүліктік жалдауға алу туралы өтінішіңізді қарастырып, келесіні хабарлаймын.
Қоғам Басқармасының 2019 жылғы 16 қаңтардағы №01–02–04/01 шешімімен бекітілген Қоғамның мүлкін мүліктік жалдауға беру қағидаларының 5.1.1 тармағына сәйкес Қоғам объектілерін мүліктік жалдауға беру тендерлік негізде жүргізіледі.
Қоғам мүлкін мүліктік жалға беру үшін тендер өткізу туралы барлық қажетті ақпаратты E–SAUDA.KZ электрондық порталынан алуға болады.