Блог председателя

Блог председателя

4 октября 2018, обращение от: Мейрхан Казбеков

Окт. 10, 2018

Вопрос:

Қайырлы кун. Білгім келгені қандай жағдайда қызметкерлерге материалдық көмек тағайындалады...

Ответ:

Құрметті, Мейрхан! Сіздің арызыңызға жауап ретінде, ағымдағы жылдың 21 қыркүйегінде Мемлекеттік корпорация жұмыскерлерінің еңбекақы төлеу Қағидаларымен танысқандығын хабарлаймын. Мемлекеттік корпорация жұмыскерлеріне еңбекақы төлеу Қағидаларының 5.8.3. тармғына сәйкес материалдық көмек келесі жағдайларда көрсетілуі мүмкін: 
1) Мемлекеттік корпорация жұмыскері қайтыс болған жағдайда - жақын туыстарына жерлеуге арналған 100 АЕК дейінгі мөлшердегі жәрдемақы (жұмыскермен жақын туыстығын растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда); 
2) жақын туыстары (жұбайы, зайыбы, ата-анасы, балалары, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір аға-інілер мен апа-сіңілілер) қайтыс болғанда - 50 АЕК дейін мөлшерде (қайтыс болған адаммен жақын туыстығын растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда (қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі, туу туралы куәліктің көшірмесі) ұсынған жағдайда); 
3) жұмыскер ұзақ уақыт (2 айдан астам) ауыр науқастанған жағдайда, медициналық мекемелердің растайтын құжаттары (уақытша еңбекке жарамсыздық парақтарының, амбулаторлық ем алғаны туралы медициналық картаның үзінді көшірмесі) болса - 100 АЕК дейін мөлшерде. 
Сондай-ақ, Мемлекеттік корпорацияның жұмыскерлеріне осы Қағидаларда көзделген материалдық көмек төлемін жүргізу Мемлекеттік корпорацияның Филиал директорының бұйрығы негізінде, материалдық көмек көрсету жөніндегі комиссияның шешімі бойынша, растайтын құжаттар ұсыныла отырып, Мемлекеттік корпорацияның бюджетінде, еңбекақы төлеу қорында көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылады.