Блог председателя

Блог председателя

07 сентября 2018, обращение от: Бакытжан Кушибарулы

Сен. 11, 2018

Вопрос: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасы құрметті, Оспанов Абылайхан Есенұлы! Мен биыл зейнеткерлікке шыққан мұғаліммін. Зейнетақы мәселесімен НАО "Правительство для граждан" қоғамының басшылығына бірнеше рет ресми сайттарындағы кері байланыс арқылы да, жеке электрондық пошталары арқылы да хат жазуға мәжбүр болдым. Міне, жақында да НАО "Правительство для граждан" төрағасына мынадай хат жаздым: "Саламатсыздар ма! Менің жалпы еңбек өтілім 40 жылдан астам. Сондықтан базалық зейнетақыны 100%, яғни 28 284 теңге алуым керек. Тамыз айында сонша алдым, бірақ қыркүйек айына бүгін 04.09.18 күні бұрынғыша 15274 теңге банк картама келіп түсті. Бұл дұрыс емес. Пенсия 16044000716101 НАО Государственная корпорация "Правительство для граждан" Дата 04.09.2018 00:00:00 Статус Выполнено успешно receipt_contract KZ156010002001940085 Сумма 15 274,00 KZT Міне осы мәселені жедел қарап, дұрыс аударуларыңызды өтінемін. Сізден түсініктеме және оң жауап күтемін. Неге мұндай өрескел қателік жіберілетінін де анықтасаңыздар екен. Құрметпен Бакытжан Кушибарулы, зейнеткер, Алматы түрғыны" Менің жоғарғы органына жазу себебім мамыр айында ОҚО Сарыағаш ауданынан Алматыға тұрғылықты көшіп келгем. Зейнеткерлік ққұжаттарымды Алматыға ауыстыруға ЦОН арқылы сұраныс бергенмін, ол жерден әлі хабарлама келген жоқ. Сондықтан зейнеткерлік мәселесімен қайда мұражат жасауды білмедім де, орталыққа жүгіндім. Менің білуімше, сіздер әрбір Қазақстан азаматының сұраныстарына уақытында нақты жауап беруге тиіссіздер. Бірақ сіздер осымен менің бірнеше мәселелермен жазған хаттарыма жауап бермей, үн-түнсіз қалудасыздар. Бұл мемлекеттік қызмет этикасын өрескел бұзу деп ойлаймын. Мына соңғы сұраныс хатыма да жауап кешігуде. Егер бұл жолы да жауап бермесіңіздер, мемлекеттік қызмет этикасы агенттігіне, министрдің блогына арыз жазуға мәжбүр боламын. Әлі де сіздерден кешікпей тұщымды да тындырымды жауап күтемін. Әлі де өзіңізге үлкен құрметпен Бакытжан Күшібарұлы, зейнеткер, Алматы тұрғыны

Ответ: Құрметті Бақытжан Күшібарұлы!

Сіздің қыркүйек айында төленген мемлекеттік базалық зейнетақы төлеміне қатысты хатыңызды қарап, сізге жасыңызға байланысты зейнетақы 2018 жылғы 7 мамырдан бастап 66157 теңге және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі – 15274 теңге мөлшерінде тағайындалғанын хабарлаймын.

«2018 жылғы 1 шілдеге дейін тағайындалған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін қайта есептеу қағидаларына» сәйкес, сізге базалық зейнетақы төлеміңіз қайта қаралып, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап ең жоғарғы мөлшерде, яғни 28284 теңге көлемінде белгіленген.

2018 жылғы қыркүйек айында екінші деңгейлі банктегі карточкалық шотыңызға жалпы сомасы 94 441 теңге (оның ішінде, зейнетақы – 66157 теңге, базалық зейнетақы төлемі – 28 284 теңге) аударылды.

Ал, Алматы қаласына тұрақты тұруға мекен-жайыңызды ауыстыруыңызға байланысты өтінішіңізге сәйкес, зейнетақы ісіңіз Түркістан облысы, Сарыағаш ауданынан, Алматы қаласы Бостандық ауданына жіберілгенін мәлімдеймін.