Блог председателя

Блог председателя

8 июня 2018, обращение от: Ару Тлеубаева

Июнь 12, 2018

Сұрақ:

 Саламатсызба! мен декретныйга құжаттар тапсырған едім. 6.06.2018күні маған сіздің құжаттарыңыз дайын деген xабарлама келді. Ол құжаттарды қайта барыр басқа жерге тапсыруым керек па? және декреттік ақша неше күнде түседі екен?! алдын ала раxмет

Жауап:

Құрметті Ару Тұрланқызы!

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Сіздің 2018 жылғы 31 мамырдағы жүктiлiкке және босануға байланысты табысынан айырылу жағдайында төленетін әлеуметтiк төлемді (бұдан әрі - әлеуметтік төлем) алу үшін жазған өтінішіңізге сәйкес келесі ақпаратты хабарлайды.

2018 жылдың 06 маусымында «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қор) әлеуметтік төлемді тағайындау туралы шешімін бекітті.

Қормен бекітілген шешімге сәйкес, аталған жағдайда төленетін қаражат сомасы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамымен тапсыру құжаттарында көрсетілген банктік есеп-шотқа 2018 жылдың 11 маусымында жіберілді.

Жоғарыда көрсетілген ақпарат негізінде, Сізге тиісті банк бөлімшесіне жүгіну керек.