Блог председателя

Блог председателя

7 декабря 2017 года, обращение от: Ақбота Алимова

Дек. 25, 2017

 Құрметті Абылайхан Есенулы Мырза!

Жамбыл облысы Тараз қаласынан хабарласып отырмын. Менің сізге өтініш жазу себебім, мен 22.12.2010 жылдан бастап Жамбыл облысы бойынша филиалы "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаментінде "Құжат қабылдау жөнінідегі маманы" қызметін атқарып жүрдім. Осы жылы яғни 02.09.2017 жылы мен бала күтіміне байланысты декреттік демалыстан шығып Жамбыл облысы бойынша филиалы "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаменті мамандандырылған бөліміне "Құжат қабылдау жөнінідегі маманы" қызметін атқарып жүргенмін. Содан 15.11.2017 жылы мені жұмыстан шығарды. 

Шығару себебі: 25.10.2017 жылы менің кеңейтілген электрондық цифрлы кілтіммен үшінші тұлғаға яғни, азамат Бапанов Ержан Жумабаевичтің атына мекен-жай анықтамасын бердіңіз, ол азамат 10.11.2017 жылы сенім телефонына хабарласып арыз түсірді деді. Алайда мен мекен-жай анықтамасын бергенім жоқ, себебі сол күні яғни 25.10.2017 жылы мен танғы сағат 9-00- де "Тілдерді дамыту орталығына Казтестке тест тапсыруға кеткенмін және ол күні менің жұмыста болмағандығымды бейнетаспа делелдейдіғой дедім. Алайда бейнетаспалар мәліметті 5 күн ғана сақтайды деп басшым айтты.
24.10.2017 жылы менің атымнан жаңадан кеңейтілген электронды цифрлы кілті ашылған . Осы кілтті 24.10.2017 жылы кешкі жұмыс уақтысы біткеннен кейін өзімнің басшым Руслан Мұхтарұлы алып кабинетіне қойып қойған. Ал 25.10.2017 жылы мен Казтестте болдым. 26.10.2017 жылы танғы жумыс уақтысы басталысымен басшымыз кеңейтілген электронды цифрлы кілтті алып қойды. Сол күннен бастап осы жұмыстан шығарғанаға дейін ешқандай электрондық анықтамалар кеңейтілген кілтпен берілген жоқ. Осы жоғарыдағы айтылған мән-жайларды ескермей басшы құрам қызметтік тексеріс жүргізбей, дәлелсіз,себепсіз мен ол күні Казтестте жүргеніме қарамай Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 52- бабының 15- тармағымен жұмыстан шығарды. Мен Тараз қалалық сотына талап арыз жазғанмын. Мені қайтадан өз орныма қабылдап шығарылған бұйрықтың күшін бұзу үшін. Осы талап арызыма сіздерден "Келісім комиссия мүшесінің шешімі" керек екен. Осы келісім комиссия мүшесінің шешімін беруіңізді сұраймын. Мен өзімнің құқығымды қорқағым келеді. Бар үмітім сіздерде осы жоғарыды айтылған мән- жайды анықтап, дұрыс шешім қабылдап менің қайтадан жұмысқа орналасуыма көмек беріп дұрыс шешім беруіңізді сұраймын.

Өтініш жазған Тараз қаласы Жайлау мөлтек ауданы 15 үй 88 пәтер тұрғыны Алимова Ақбота Сабыржанқызы.

 

Ответ:

Сәлематсыз ба, құрметті Ақбота!

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 159-бабы 1-тармағында жеке еңбек дауларын – келісу комиссиялары, ал реттелмеген мәселелер не келісу комиссиясы шешімінің орындалмауы бойынша соттар қарайды деп және осы аталған баптың 2-тармағында келісу комиссиясы жұмыс беруші мен жұмыскерлер өкілдерінің бірдей санынан тепе-тең негізде ұйымдарда, оның филиалдары мен өкілдіктерінде құрылатын, тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады деп атап көрсетілген.  Осыған байланысты, Сіз «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысындағы филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің келісу комиссиясына туындаған жеке еңбек дауына қатысты өтініш беруіңіз керек.

Аталған Кодекстің 159-бабы 5-тармағына сәйкес келісу комиссиясы дауды өтініш тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға және дау тараптарына шешімнің көшірмесін оны қабылдаған күннен бастап үш күн мерзімде беруге міндетті.