Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға

1414

Бірыңғай байланыс орталығы
(Қоңырау шалу тегін)

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының кадр резервіне қатысуға өтініштерді қабылдау туралы хабарландыру

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ 2021 жылғы 1 наурыздан бастап мемлекеттік корпорацияның дарындылар пулын (кадрлар резерві) қалыптастыру бойынша азаматтардан өтініштерді қабылдай бастайтынын хабарлайды.

Жоба қатысушыларына қойылатын талаптар:

- Жоғары білім

- 5 жылдан кем болмайтын еңбек өтілі

* Ғылыми дәреженің болуы талап етілмейді, алайда резервке алу кезінде артықшылық ретінде қарастырылады.

Тіркеу және онлайн іріктеу talent.gov4c.kz сайтында жүргізіледі. Іріктеуге қатысуға өтінім беру 1 наурызда, сағат 00:00-ден басталады.

Іріктеудің бірінші кезеңі  – логикалық тестілеуден өту.

Екінші міндетті кезең – ҚР нормативтік құқықтық актілері бойынша (ҚР Конституциясы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Дербес деректер және оларды қорғау туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» және «Акционерлік қоғамдар туралы» заңдар) білімін тексеруге арналған тестілеу.

Қорытынды кезең – сараптамалық кеңес мүшелерімен әңгімелесу.

Жоғары балл жинап, әңгімелесу кезеңінен өткен кандидаттар кадр резервіне алынады және бос лауазым орындары шыққан жағдайда сонда тағайындалу үшін кадр резервіне алынады.

Қатысу шарттары