Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға

1414

Бірыңғай байланыс орталығы
(Қоңырау шалу тегін)

ХҚО менеджерлері құрылыс компанияларының кеңселерінде жұмыс істейтін болады

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бірыңғай провайдер ретінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, жылжымалы мүлік кепілі, жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру саласында бірқатар мемлекеттік қызметті көрсетеді. ХҚО менеджерін өз офисіне орналастыра отырып, құрылыс компаниялары мен олардың клиенттері ХҚО-ға жүгінбей, мемлекеттік қызметтерді тез және сапалы алатын болады.

Онлайн кездесуде мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Әділ Қожықов Нұр-Сұлтан қаласының құрылыс компанияларының өкілдеріне жеке менеджерді кеңселерде орналастырудың артықшылықтары туралы айтып берді.

«Біздің менеджерлер құрылыс компанияларының сату бөлімдерінде бола тұра, нотариалды растаусыз сатып алу-сату/сыйға тарту шартын жасап, дайын болған құжаттарды беріп, клиенттердің жылжымайтын мүлікті тіркеуге кететін уақытын едәуір қысқарта алады. Бүгінгі таңда ХҚО операторлары BI-Group компаниясының 2 сату бөлімінде және G-Park компаниясының бір бөлімінде орналасқан, бұл ұсынылатын қызметтердің мерзімі мен сапасына оң әсерін тигізді», – деді мемлекеттік корпорация төрағасы.

Сондай-ақ мемлекеттік корпорация құрылыс компанияларына жеке тұлғалар үшін жылжымайтын мүлік кепіл шартын тіркеу кезінде пайдаланылатын Blockchain технологиясын таныстырды. Технология жылжымайтын мүліктің ауыртпалығы бар/жоғы туралы анықтама алу үшін ХҚО-ға бармай-ақ, кепіл шартын тіркеу процесін жеңілдетуге мүмкіндік береді, банк қызметкері өтінімді қалыптастырған кезде ауыртпалық туралы мәлімет автоматты түрде шығады. Технологияны қолдану аясын кеңейту үшін мемлекеттік корпорация заңды тұлғалар үшін кепіл шарттарын тіркеу, ауыртпалықтарды алу және жеке және заңды тұлғалар үшін қайта кепіл функцияларын іске асыру сияқты басқа да қызметтерді қосуды жоспарлап отыр.