Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға
Біз туралы Қызметтер Сұрақтар Деректер
Attach file

1414

Мемлекеттік қызметтер
сұрақтары бойынша
бірыңғай байланыс орталығы

Комплаенс-офицер күні

26 қыркүйек - Комплаенс-офицер күні атап өтіледі. Бұл кәсіби мереке 2016 жылы SAI Global ұйымының бастамасымен комплаенс саласындағы мамандардың ұйымдар қызметінің заңдылығы мен ашықтығын қамтамасыз етудегі рөлін мойындау мақсатында белгіленген.

Бүгінде комплаенс тиімді басқарудың ажырамас бөлігіне айналды. Мұны әлемге танымал ірі әрі табысты компанияларда комплаенс бағытындағы арнайы құрылымдардың жұмыс істеуі де айғақтайды.

Қазақстанда комплаенс институты 2020 жылы ресми тетік ретінде заңнамалық тұрғыдан бекітілді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңда квазимемлекеттік сектор субъектілерінде комплаенс-қызметтер мен комплаенс-офицерлердің жұмысын ұйымдастыру көзделді. Сонымен қатар заңнамаға сәйкес, мұндай қызметті кез келген кәсіпкер өз еркімен құра алады.

Бұл бағыт үнемі дамып келеді. Биыл аталған заңнамаға енгізілген өзгерістер мүдделер қақтығысына жол бермеу және сыйлықтар мен өзге де сыйақыларды қабылдауға қатысты шектеулер мен талаптарды күшейтті. Бұл өз кезегінде комплаенс-офицерлердің қызметінің рөлі мен маңызын арттыра түседі.

Мемлекеттік корпорацияда да тәуелсіз Комплаенс бақылау қызметі жұмыс істейді. Оның негізгі міндеті – алдын алу шараларын жүзеге асыру, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация мен оның жұмыскерлері үшін туындауы мүмкін түрлі тәуекелдерді уақтылы анықтап, оларды төмендету.

Қазақстанның барлық комплаенс-офицерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Жауапты қызметтеріңізге табыс, кәсіби дамуға жаңа мүмкіндіктер және еңбектеріңізге толағай жетістіктер тілейміз.

Footer with Updated Contact Info