Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға
Біз туралы Қызметтер Сұрақтар Деректер
Attach file

1414

Мемлекеттік қызметтер
сұрақтары бойынша
бірыңғай байланыс орталығы

Мемлекеттік корпорацияда директорлар кеңесінің отырысы өтті

2026 жылғы 25 қыркүйекте «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы өтті.

Отырысқа Директорлар кеңесінің мүшелері: Омаров Қ.Т., Әділбеков Н.А., Ирғалиев Р.И., Кенжегалиев А.Ш., Бердинов Е.Д., Нұркин К.К. қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселелерді қарау қорытындысы бойынша Директорлар кеңесі мынадай негізгі шешімдер қабылдады.

Мемлекеттік корпорацияның Басқарма төрағасы мен Басқарма мүшелерінің 2026 жылға арналған қызметінің негізгі көрсеткіштерінің карталары бекітілді.

Мемлекеттік корпорацияның Комплаенс бақылау қызметі туралы ереже, Басқарма туралы ереже, сондай-ақ Ішкі аудит қызметінің 2026 жылға арналған жылдық аудиторлық жоспары жаңа редакцияда бекітілді.

Мемлекеттік корпорацияның басшы қызметкерлерінің, Ішкі аудит қызметі қызметкерлерінің, Корпоративтік хатшының, Омбудсменнің, Комплаенс бақылау қызметі мен Корпоративтік хатшы қызметі қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу қағидаларына, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу саясатына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Сонымен қатар, Директорлар кеңесі Мемлекеттік корпорацияның 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы тәуекелдерді басқару процесінің ағымдағы жай-күйі туралы есепті және Мемлекеттік корпорацияның Ішкі аудит қызметінің 2026 жылдың II тоқсанындағы жұмыс қорытындылары туралы есебін қарады.

Footer with Updated Contact Info