2026 жылғы 21 тамызда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) Директорлар кеңесінің сырттай отырысы өтті. Отырысқа Директорлар кеңесінің мүшелері Омаров Қ.Т., Бердинов Е.Д., Иргалиев Р.И. және Нуркин К.К. қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселені қарау қорытындысы бойынша Мемлекеттік корпорацияның Директорлар кеңесі Ахметжанов Саян Қылышевичті 2026 жылғы 24 тамыздан бастап Мемлекеттік корпорация Басқарма төрағасының қауіпсіздік жөніндегі орынбасары – Басқарма мүшесі лауазымына тағайындау туралы шешім қабылдады.