2026 жылғы 17 шілдеде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) Директорлар кеңесінің ішкі отырысы өтті, оған Директорлар кеңесінің мүшелері Омаров Қ.Т., Иргалиев Р.И., Кенжеғалиев А.Ш., Бердинов Е.Д., Нуркин К.К. қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселені қараудың қорытындылары бойынша Мемлекеттік корпорацияның Директорлар кеңесі келесі негізгі шешім қабылдады:
- мемлекеттік корпорацияның 2025 жылғы қызметі туралы жылдық есеп бекітілді;
- мемлекеттік корпорацияның 2021–2025 жылдарға арналған Даму жоспарының 2025 жылғы орындалуы туралы есеп қаралды;
- мемлекеттік корпорацияның ұйымдық құрылымы бекітілді;
- мемлекеттік корпорацияның Комплаенс бақылау қызметінің 2026 жылғы II тоқсандағы жұмыс қорытындылары туралы есебі тыңдалды.
Тексерулер жүргізу тәртібін жетілдіруге, оларды бастау негіздері мен тәуекел деңгейін айқындау өлшемшарттарын нақтылауға, сондай-ақ есептілік нысандарын өзектендіруге бағытталған Мемлекеттік корпорацияның контрагенттерін кешенді тексеру регламентіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Мемлекеттік корпорацияның Ішкі аудит қызметі бойынша кадрлық шешімдер қабылданды: бас аудитордың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, Ішкі аудит қызметінің аудиторы мен бас аудиторы тағайындалды, сондай-ақ аудитордың лауазымдық айлықақысының мөлшері өзгертілді.