2026 жылғы 1 шілдеде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) Директорлар кеңесінің ішкі отырысы өтті, оған Директорлар кеңесінің мүшелері Омаров Қ.Т., Иргалиев Р.И., Кенжеғалиев А.Ш., Бердинов Е.Д., Нуркин К.К. қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселелерді қарау қорытындылары бойынша Мемлекеттік корпорацияның Директорлар кеңесі келесі негізгі шешімдерді қабылдады.
Мемлекеттік корпорация Басқармасының құрамына қатысты кадрлық шешімдер қабылданды: Мемлекеттік корпорация Басқармасының мүшесі – фронт-офистер жөніндегі Басқарма Төрағасының орынбасары тағайындалды, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация Басқармасының мүшесі – Басқарма Төрағасы орынбасарының өкілеттік мерзімі ұзартылды.