Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға
Біз туралы Қызметтер Сұрақтар Деректер
Attach file

1414

Мемлекеттік қызметтер
сұрақтары бойынша
бірыңғай байланыс орталығы

Мемлекеттік корпорацияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың өзекті тұстары бойынша семинар өтті

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясында Комплаенс-бақылау қызметінің ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған семинар өтті. Оған Мемлекеттік корпорация Басқармасының мүшелері, орталық аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің және өңірлік филиал басшылары қатысты.

Семинар барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзекті өзгерістер, мүдделер қақтығысының алдын алу тетіктері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін көзделген жауапкершілік шаралары түсіндірілді. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, комплаенс талаптарын сақтау және қызметкерлердің жеке жауапкершілігі мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Айта кету керек, Мемлекеттік корпорацияда мұндай іс-шаралар тұрақты негізде өткізіліп келеді. Сонымен қатар бұл бағыттағы жұмыс тек семинар және профилактикалық шаралармен шектелмейді. Мемлекеттік корпорацияда кешенді ішкі бақылау жүйесі жұмыс істейді, оның аясында анықталған бұзушылықтарға міндетті түрде құқықтық баға беріліп, тиісті негіздер болған жағдайда қарастыру үшін құқық қорғау органдарына жолданады.

«Біз ішкі бақылау тетіктерін жүйелі түрде жетілдіріп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен құқық бұзушылықтарды уақтылы анықтауға, олардың алдын алуға және жолын кесуге баса мән беріп келеміз. Анықталған материалдар міндетті түрде құқықтық баға беру үшін құқық қорғау органдарына жолданады. Мемлекеттік корпорацияның әрбір қызметкері заңнама талаптарын мүлтіксіз сақтауға және қабылдаған шешімдері мен іс-әрекеттері үшін жеке жауапкершілігін толық сезінуге міндетті. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына мүлдем төзбеушілік қағидаты біздің басты бағдарымыз болып қала береді», - деп атап өтті Мемлекеттік корпорацияның Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.

Айта кетейік, семинар заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістерді түсіндіру жұмыстары аясында өтті. Еске салсақ, 2026 жылғы 12 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілікті күшейтуге және қосымша превентивтік тетіктерді енгізуге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойылған еді.

Footer with Updated Contact Info