2026 жылғы 9 маусымда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) Директорлар кеңесінің ішкі отырысы өтті, оған Директорлар кеңесінің мүшелері Омаров Қ.Т., Кенжеғалиев А.Ш., Бердинов Е.Д., Иргалиев Р.И., Нуркин К.К. қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселелерді қараудың қорытындылары бойынша Мемлекеттік корпорацияның Директорлар кеңесі келесі негізгі шешімдерді қабылдады:
Мемлекеттік корпорацияның 2025 жылғы жылдық қаржылық есептілігі алдын бекітілді, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның 2025 жылғы таза табысын бөлу жөніндегі ұсыныстар мақұлданып, кейіннен Жалғыз акционердің бекітуіне енгізілді.
Мемлекеттік корпорацияның 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарының жартыжылдық нақтылануы (2026 жыл, бірінші жартыжылдық нақтылау) бекітілді.
Мемлекеттік корпорацияның Ішкі аудит қызметі мен Комплаенс-бақылау қызметінің 2026 жылғы I тоқсандағы қызметінің қорытындылары бойынша есептері қаралды, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның Сыйлықтар, мәдени-ойын-сауық және өзге де өкілдік іс-шаралар саласындағы нұсқаулығы бекітілді.
Ішкі аудит қызметі мен Комплаенс-бақылау қызметінің қызметі мәселелері бойынша кадрлық шешімдер қабылданды, оның ішінде Ішкі аудит қызметінің бас аудиторының өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылып, Комплаенс-бақылау қызметі қызметкерлерінің өкілеттік мерзімі ұзартылды.
Мемлекеттік корпорацияның Корпоративтік хатшысының Директорлар кеңесінің, оның Комитеттерінің және Корпоративтік хатшының 2025 жылғы қызметі туралы есебі қаралды. Сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның Корпоративтік хатшысының өкілеттік мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданды.