Комплаенс бақылау қызметі «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы сыбайлас жемқорлық және алаяқтық тәуекелдеріне ішкі талдаудың аяқталғандығын және оның қорытындысын 2026 жылғы 08 маусымда сағат 15:00 Астана қ., Керей-Жәнібек хандар көшесі, 4, 425-кабинет, 4-қабат мекенжайы бойынша қоғамдық талқылау өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Қысқаша талдамалық анықтамамен алдын ала танысу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ «Мәзір» - «Есептілік» - «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар» бөліміндегі сайтына кіріңіз.