Комплаенс бақылау қызметі 2026 жылдың маусым айынан 2026 жылғы шілде айына дейінгі кезеңде «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметі саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлайды.
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметі саласында бұзушылықтарға тап болған немесе осы саланы жақсарту жөнінде ұсыныстары бар азаматтар өз ұсыныстарын compliance.control@gov4c.kz электрондық мекенжайға жолдай алады.
Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды және әрбір хабарлама мұқият қаралады.