Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға
Біз туралы Қызметтер Сұрақтар Деректер
Attach file

1414

Мемлекеттік қызметтер
сұрақтары бойынша
бірыңғай байланыс орталығы

Директорлар кеңесі күн тәртібіндегі мәселелерді қарады

2026 жылғы 3 сәуірде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) Директорлар кеңесінің ішкі отырысы өтті, оған Директорлар кеңесінің мүшелері Омаров Қ.Т., Иргалиев Р.И., Тынысбеков Б.А., Кенжеғалиев А.Ш., Бердинов Е.Д., Нуркин К.К. қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселені қараудың қорытындылары бойынша Мемлекеттік корпорацияның Директорлар кеңесі келесі негізгі шешім қабылдады:

Мемлекеттік корпорация Басқармасының 2022–2026 жылдарға арналған даму стратегиясын іске асыру бойынша 2025 жылға арналған есебі қаралды.

2026 жылға арналған Мемлекеттік корпорацияның жылдық қаржылық есептілігіне аудит жүргізу үшін аудиторлық ұйымның қызметіне ақы төлеу мөлшері айқындалды.

2025 жылдың екінші жартыжылдығы бойынша Мемлекеттік корпорациядағы тәуекелдерді басқару жүйесінің ағымдағы жай-күйі туралы есеп тыңдалып, сондай-ақ 2026 жылға арналған Тәуекелдер тізілімі мен Тәуекелдер карталары бекітілді.

Комплаенс бақылау қызметінің кадрлық мәселелері бойынша шешімдер қабылданды, оның ішінде жекелеген қызметкерлердің өкілеттіктерін тоқтату және ұзарту, оларды тағайындау, сондай-ақ лауазымдық айлықақы мөлшерлерін белгілеу. Сонымен қатар, комплаенс бақылау жөніндегі бас менеджердің өкілеттіктері ұзартылып, оның лауазымдық айлықақысы айқындалды.

Мемлекеттік корпорацияның Ішкі аудит қызметі қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтары бекітілді.

Мемлекеттік корпорация Басқарма төрағасының орынбасарына қатысты тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастау мәселесі қаралды.

Мемлекеттік корпорацияның жаңа ұйымдық құрылымы бекітілді.

Сондай-ақ, Мемлекеттік корпорацияның басшы қызметкерлерінің, Ішкі аудит қызметі қызметкерлерінің, Корпоративтік хатшының, Омбудсменнің, Комплаенс бақылау қызметінің және Корпоративтік хатшы қызметінің еңбекақы төлеу қағидалары жаңа редакцияда бекітілді.

 

Footer with Updated Contact Info