2025 жылғы 12 желтоқсанда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) Директорлар кеңесінің ішкі отырысы өтті, оған Директорлар кеңесінің мүшелері Омаров Қ.Т., Тынысбеков Б.А., Кенжеғалиев А.Ш., Бердинов Е.Д., Нуркин К.К. қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселелерді қараудың нәтижелері бойынша Мемлекеттік корпорацияның Директорлар кеңесі келесі негізгі шешімдерді қабылдады:
1. Төмендегілер бекітілді:
- Мемлекеттік корпорацияның Ішкі аудит қызметінің 2026 жылға арналған Жылдық аудиторлық жоспары, Мемлекеттік корпорацияның Комплаенс бақылау қызметінің 2026 жылға арналған жұмыс жоспары, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның Директорлар кеңесінің 2026 жылға арналған жұмыс жоспары;
- Мемлекеттік корпорацияның Ішкі аудит қызметі мен Комплаенс бақылау қызметінің жұмыскерлері, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның Корпоративтік хатшысы қызметінің 2026 жылға арналған уәждемелік негізгі көрсеткіштерінің карталары;
- Мемлекеттік корпорацияның ұйымдық құрылымы бекітілді.
2. Мемлекеттік корпорацияның Басқарма мүшелері қызметінің 2025 жылға арналған негізгі көрсеткіштерінің карталарына өзгерістер енгізілді.
3. Мемлекеттік корпорацияның Комплаенс бақылау қызметінің штат санын қысқарту туралы шешім қабылданды.