Комплаенс бақылау қызметі «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ жер кадастры саласындағы сыбайлас жемқорлық және алаяқтық тәуекелдеріне ішкі талдаудың аяқталғандығын және оның қорытындысы жөнінде 2025 жылғы 08 желтоқсанда сағат 16.00-да Астана қ., Керей-Жәнібек хандар көшесі, 4, 425-кабинет, 4-қабат мекенжайы бойынша қоғамдық талқылау өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Қысқаша талдамалық анықтамамен алдын ала танысу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ сайтының «Мәзір» → «Есептілік» → «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар» бөліміне кіріңіз.