Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға
Біз туралы Қызметтер Сұрақтар Деректер
Attach file

1414

Мемлекеттік қызметтер
сұрақтары бойынша
бірыңғай байланыс орталығы

Директорлар кеңесінің отырысы өтті

2025 жылғы 28 қарашада «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Директорлар кеңесінің ішкі отырысы өтті, оған Директорлар кеңесінің мүшелері Қ.Омаров, Р.Иргалиев, Б.Тынысбеков, А.Кенжеғалиев, Е.Бердинов, К.Нуркин қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселелерді қараудың нәтижелері бойынша Мемлекеттік корпорацияның Директорлар кеңесі келесі негізгі шешімдерді қабылдады:

1. Төмендегілер бекітілді:

-    Мемлекеттік корпорацияның 2021-2025 жылдарға арналған Даму жоспарының 2024 жылы іске асырылуы нәтижелерін бағалау;

-    Тұрақты даму саласындағы саясат;

-    Мемлекеттік корпорацияның Ішкі аудит қызметінің 2026 жылға арналған бюджеті;

-    Мемлекеттік корпорацияның 2022-2026 жылдарға арналған Даму стратегиясына енгізілетін түзетулер.

2. Төмендегілер мәліметке алынды:

-    Мемлекеттік корпорациядағы тәуекелдерді басқару процесінің жай-күйі туралы 2025 жылдың III тоқсанындағы есеп;

-    Мемлекеттік корпорацияның Комплаенс бақылау қызметінің 2025 жылдың III тоқсанындағы қызмет қорытындылары туралы есеп;

-    Мемлекеттік корпорацияның Ішкі аудит қызметінің 2025 жылдың III тоқсанындағы қызметі туралы есеп.

3. Төмендегілер қайта пысықтауға жіберілді:

-    Мемлекеттік корпорацияның Комплаенс бақылау қызметінің 2026 жылға арналған бюджеті;

-    Басшылық лауазымдардағы қызметкерлерге, Ішкі аудит қызметінің қызметкерлеріне, Корпоративтік хатшыға, Омбудсменге, Комплаенс-бақылау қызметінің және Корпоративтік хатшы қызметінің қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қағидалары (жаңа редакцияда).

4. Кадрлық шешімдер:

-    Мемлекеттік корпорацияның Комплаенс бақылау қызметі қызметкерлерінің өкілеттіктері ұзартылды;

-    Мемлекеттік корпорацияның Ішкі аудит қызметінің штат саны қысқартылды.

Footer with Updated Contact Info