Комплаенс бақылау қызметі 2025 жылғы 10 қараша мен 12 желтоқсан аралығында «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ жылжымайтын мүлікті тіркеу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлайды.
Жылжымайтын мүлікті тіркеу саласында бұзушылықтарға тап болған немесе осы саланы жақсарту жөнінде ұсыныстары бар азаматтар өз ұсыныстарын compliance.control@gov4c.kz электрондық мекенжайға жолдай алады. Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды және әрбір хабарлама мұқият қарастырылады.