Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға
Біз туралы Қызметтер Сұрақтар Деректер
Attach file

1414

Мемлекеттік қызметтер
сұрақтары бойынша
бірыңғай байланыс орталығы

Мемлекеттік корпорациядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларға шолу және корпоративтік мәдениетке ықпалы

Мемлекеттік корпорация сыбайлас жемқорлық пен алаяқтық тәуекелдерін азайтуға, сондай-ақ ұйым ішінде адалдық, ашықтық және жауапкершілік мәдениетін нығайтуға бағытталған жүйелі шараларды дәйекті түрде іске асырады.

Бұл жұмыстың негізгі бағыттарының бірі – сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне тұрақты талдау жүргізу және контрагенттерді кешенді тексеру болып табылады. Бұдан басқа, Мемлекеттік корпорация қызметкерлері мүдделер қақтығысының болуы немесе болмауы туралы декларация тапсырады. Сондай-ақ, ықтимал бұзушылықтар туралы арнайы хабарлау арналары арқылы хабарлауға мүмкіндік бар.

Мемлекеттік корпорация сыйлықтар беру мен алуды, сондай-ақ қызметкерлердің мәдени, ойын-сауық және өзге де сыртқы іс-шараларға қатысуын бақылауды қоса алғанда, этика мәселелеріне ерекше назар аударады. Бұл шаралар мүдделер қақтығысының туындау тәуекелдерін барынша азайтуға және Мемлекеттік корпорация қызметіне деген сенімнің жоғары деңгейін сақтауға мүмкіндік береді.

Әрбір қызметкер сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және комплаенс мәдениеті бойынша алған білімдерін кейіннен тестілеумен бекітілетін міндетті курстардан өтеді.

Сонымен қатар, комплаенс-бақылаудың ішкі процестерін автоматтандыру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізілуде. Бұл рәсімдердің ашықтығын арттыруға, адами фактордың ықпалын азайтуға және ықтимал бұзушылықтарды жедел анықтауға мүмкіндік береді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құралдарды енгізуге жүйелі және дәйекті көзқарас адалдық пен сыбайлас жемқорлық және алаяқтыққа мүлдем төзбеушілік қағидаттарына негізделген корпоративтік мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.

Егер Мемлекеттік корпорация қызметкерлері тарапынан  сыбайлас жемқорлық, алаяқтық және әдеп бұзушылық фактілері немесе негізсіз сыйақылар және сыйлықтар туралы мәліметтер болған жағдайда  1414 нөмірі бойынша хабарлауға немесе өтінішті compliance.control@gov4c.kz электрондық поштасына жолдауға болады.