Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға
Біз туралы Қызметтер Сұрақтар Деректер
Attach file

1414

Мемлекеттік қызметтер
сұрақтары бойынша
бірыңғай байланыс орталығы

Комплаенс-офицер күні

Жыл сайын 26 қыркүйекте әлемде Комплаенс-офицерлер күні аталып өтеді. Бұл мереке 2016 жылы SAI Global бастамасымен енгізіліп, ұйымдардың заңды әрі ашық қызметін қамтамасыз етуге үлес қосып жүрген мамандардың еңбегін мойындауға арналған.

Қазақстанда комплаенс институты әлі де жаңа бағыт болып саналады, дегенмен оның маңызы мен тиімділігі мемлекеттік деңгейде мойындалған.

2020 жылдың қазанында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңға өзгерістер енгізіліп, квазимемлекеттік сектор ұйымдарына комплаенс-бөлімшелер құру немесе осы бағытқа жауапты қызметкерлерді тағайындау міндеттелді.

Мемлекеттік корпорацияда үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес жұмыс істейтін, барлық қажетті өкілеттіктер мен құралдарға ие тәуелсіз Комплаенс-бақылау қызметі жұмыс атқарады.

2023 жылдан бері Қызмет контрагенттердің сенімділігін бағалау үшін 330 кешенді тексеру жүргізді. Нәтижесінде заңнамалық шектеулері бар жеткізушілермен 650 млн теңгеден асатын мәмілелердің жасалуына жол берілмеді.

Сонымен қатар, корпорация қызметкерлері арасында мүдделер қақтығысын анықтау мақсатында 2 800-ден астам тексеру жүргізіліп, 160-қа жуық ықтимал бұзушылықтың алдын алу мүмкін болды.

Мысалы, аудандық жер кадастры бөлімдерінің бірінде қызметкердің жұбайы сол бөлімнің басшысы екені белгілі болды. Бұл корпоративтік талаптарға қайшы келді және комплаенс-бақылау ұсынысы негізінде тәуекелдер жойылды.

Бұдан бөлек, бастамашы ақпарат арналары арқылы түскен 460-тан астам хабарлама қаралып, әрқайсысы бойынша тиісті тергеу жүргізіліп, шаралар қабылданды. Ішкі талдау барысында 50-ге жуық сыбайлас жемқорлық және алаяқтық тәуекелі анықталып, олардың алдын алу үшін 120-дан астам түзету іс-шарасы жүзеге асырылды.

Комплаенс-бақылау бөлімшесі осылайша бұзушылықтардың, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты әрекеттердің алдын алу және жолын кесу мақсатында көп жағдайда көзге байқала бермейтін, бірақ маңызды рәсімдерді атқарады.

Мемлекеттік корпорация Қазақстандағы барлық комплаенс-офицерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, оларға табысты еңбек пен жаңа жетістіктер тілейді.

 



Footer with Updated Contact Info