Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға
Біз туралы Қызметтер Сұрақтар Деректер
Attach file

1414

Мемлекеттік қызметтер
сұрақтары бойынша
бірыңғай байланыс орталығы

Сыбайлас жемқорлық пен алаяқтық тәуекелдерге ішкі талдау жүргізу туралы

Комплаенс бақылау қызметі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ персоналды басқару саласындағы, сондай-ақ әкімшілік-шаруашылық қызметі және коммерциялық сервис саласындағы сыбайлас жемқорлық пен алаяқтық тәуекелдерге жүргізілген ішкі талдаудың аяқталғанын және Астана қаласы, Керей-Жәнібек хандар көшесі 4, 4-қабат 425-кабинетте:

– 2025 жылғы 18 қыркүйекте сағ. 15.00-де - персоналды басқару саласы бойынша;

– 2025 жылғы 18 қыркүйекте сағ. 17.00-де әкімшілік-шаруашылық қызмет және коммерциялық сервис саласы бойынша нәтижелерге жария талқылаудың өткізілетінін хабарлайды.

Қысқаша талдамалық анықтамалармен алдын ала танысу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ сайтының «Мәзір» → «Есептілік» → «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар» бөліміне кіре аласыз.

Сондай-ақ, 2025 жылғы 18 шілде мен 2025 жылғы 18 тамыз аралығы кезеңінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ әкімшілік-шаруашылық қызметі және коммерциялық сервис саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілгенін хабарлаймыз.

Сонымен қатар, 2025 жылғы қыркүйек, қазан айларында «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ жер кадастры саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады.

Әкімшілік–шаруашылық қызмет және коммерциялық сервис, сондай-ақ жер кадастры саласында бұзушылықтарға тап болған немесе осы салаларды жақсарту жөнінде ұсыныстары бар азаматтар өз ұсыныстарын compliance.control@gov4c.kz электрондық мекенжайына жібере алады. Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды және әрбір хабарлама мұқият қаралатын болады.

Footer with Updated Contact Info