2025 жылғы 12 қыркүйекте «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Директорлар кеңесінің ішкі отырысы өтті, оған Директорлар кеңесінің мүшелері Қ. Омаров, Б. Тынысбеков, Р. Иргалиев, А. Кенжеғалиев, Е. Бердинов, К. Нуркин қатысты.
Директорлар кеңесінің өткізілген отырысының қорытындысы бойынша мынадай негізгі шешімдер қабылданды:
Директорлар кеңесінің отырысында:
-
Ішкі аудит қызметі мен Комплаенс-бақылау қызметінің 2025 жылғы II тоқсандағы жұмыс қорытындылары бойынша есептері;
- 2025 жылдың I жартыжылдығындағы Мемлекеттік корпорацияның тәуекелдерді басқару процесінің ағымдағы жай-күйі туралы есеп қаралды.
Директорлар кеңесі Мемлекеттік корпорацияның Сыйлықтар, мәдени-ойын-сауық және өзге де өкілдік іс-шаралары саласындағы саясатын жаңа редакцияда бекітті.
Мынадай кадрлық шешімдер қабылданды:
-
Ішкі аудит қызметінің бас аудиторының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды;
- Комплаенс-бақылау қызметінің комплаенс-талдаушысының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Сонымен қатар, Мемлекеттік корпорацияның Басқарма төрағасының орынбасары қызметінің 2025 жылға арналған негізгі көрсеткіштерінің картасына өзгеріс енгізілді.