Конституция күніне байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс тәртібі өзгереді.
30 тамыз, сенбі күні ХҚКО мен МХҚКО-лар жұмыс істемейді. 1 қыркүйек, дүйсенбі күні тек кезекші орталықтар мен кезекші мамандандырылған орталықтар қызмет көрсетеді. Кезекші орталықтар 9:00-ден 13:00-ге дейін, ал мамандандырылған орталықтар 9:00-ден 12:00-ге дейін жұмыс істеп, дайын құжаттарды 13:00-ге дейін береді.
2 қыркүйектен бастап ХҚКО мен МХҚКО-лар қалыпты жұмыс режиміне қайта оралады.
Кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың тізімін Мемлекеттік корпорацияның ресми Instagram парақшасынан немесе 1414 нөмірі арқылы білуге болады.