Мемлекеттік корпорация іскерлік этика қағидаттарына негізделген серіктестіктерді құптайды.
Алайда, Қоғамның көптеген жұмыскерлері, егер заңнамада өзгеше көзделмесе, лауазымдық міндеттерін атқарғаны үшін сыйлықтар немесе сыйақының өзге де нысандарын қабылдауға тыйым салатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің субъектілері болып табылатынын ескеру қажет.
Басқалардың қатарында мұндай тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсетуге байланысты, сондай-ақ азаматтардың дербес деректеріне немесе өзге де құпия ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі бар жұмыскерлер жатады.
Мұндай тыйым тек формальдылық емес, адал және ашық басқарудың маңызды элементі, қоғамның сенімі мен мемлекеттік қызметтердің ашықтығының негіздерінің бірі болып табылады.
Шектеу сыйлықтың құнына қарамастан әрекет ететінін ескеру маңызды. Белгіленген талаптарды бұзғаны үшін сыйақы алушылар үшін де, сыйға тартушылар үшін де әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделген.
Осы нормаларды бұза отырып алынған сыйлықтар Мемлекеттік мүлік саласындағы уәкілетті органның тиісті бөлімшелеріне берілуге, ал ақша қаражаты – мемлекеттік бюджетке аударылуға тиіс.
Мемлекеттік корпорация сыйлықтарды сыйға тартқан жағдайда да осындай стандарттарды ұстанады. Қоғамның ішкі саясатына сәйкес әр жағдайда сыйлықтарды сыйға тартқанда немесе қабылдауға байланысты комплаенс тәуекелдеріне талдау жүргізіледі.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекеттік қызметтерді алу процесінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық және әдеп бұзушылық фактілері туралы мәліметтер болған жағдайда 1414 нөмірі немесе compliance.control@gov4c.kz электрондық поштасына хабарласу қажет.