2025 жылғы 05 маусымда «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Директорлар кеңесінің ішкі отырысы өтті, оған Директорлар кеңесінің мүшелері Қ. Омаров, Н. Әділбеков, А. Кенжеғалиев, Е. Бердинов қатысты.
Директорлар кеңесінің өткізілген отырысының қорытындылары бойынша келесі негізгі шешімдер қабылданды: Мемлекеттік корпорацияның Басқарма төрағасы мен мүшелері қызметінің 2025 жылға арналған негізгі көрсеткіштерінің карталары, жылдық қаржылық есептілік және кейіннен Жалғыз акционерге бекітуге шығара отырып, Мемлекеттік корпорацияның 2024 жылғы таза табысын бөлу тәртібі бойынша ұсыныстар бекітілді. Мемлекеттік корпорацияның 2025 жылғы жылдық қаржылық есептілігіне аудит жүргізу үшін аудиторлық ұйымның қызметтеріне ақы төлеу мөлшері айқындалды.
Сонымен қатар, Мемлекеттік корпорацияның Комплаенс бақылау және Ішкі аудит қызметтерінің 2025 жылғы 1-тоқсандағы есептері, Мемлекеттік корпорацияның Директорлар кеңесінің 2025 жылғы 1 тоқсандағы шешімдерінің орындалу мәртебесі назарға алынды. Мемлекеттік корпорацияның Комплаенс бақылау қызметінде жаңа тағайындалды және жұмыс істеп жүрген жұмыскерлерінің өкілеттіктері ұзартылды.