Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға
Қызметтер Сұрақтар Жаңалықтар Деректер
Attach file

1414

Мемлекеттік қызметтер
сұрақтары бойынша
бірыңғай байланыс орталығы

Сыбайлас жемқорлық пен алаяқтықтың алдын алуда комплаенс бақылау қызметінің орны

Сыбайлас жемқорлық пен алаяқтыққа қарсы іс-қимыл Мемлекеттік корпорация жұмысындағы басты басымдықтардың бірі болып табылады.

Бұл қызметте комплаенс бақылау қызметі ерекше орын алады, оның негізгі міндеті – мұндай көріністерден қорғаудың тиімді ішкі тетіктерін құру.

Комплаенс бақылаудың басты ерекшелігі - оның алдын алуға бағытталатындығы. Бұл жасалуы ықтимал бұзушылықтар жасалмай тұрып алдын алу ғана емес, сондай-ақ бұзушылықтар жайлы сигналдарға дер кезінде әрекет ету қабілетін білдіреді.

Бүгінгі таңда комплаенс бақылау қызметі тәуекелдерді анықтауға және митигациялауға, сондай-ақ оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған 6 рәсімді енгізді.

Бұдан басқа, Мемлекеттік корпорация қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың және комплаенс саласындағы ішкі саясаттың талаптары бойынша тұрақты негізде оқыту жүргізіліп отырады.

Аталған корпоративтік стандарттар енгізілген сәттен бастап Мемлекеттік корпорацияның барлық қызметкерлері оқытудан өтті.

Егер қызметтерді алу барысында орын алған Мемлекеттік корпорация мамандарының тарапынан болған сыбайлас жемқорлық, алаяқтық және әдепті бұзу фактілері жайлы деректеріңіз болса, шұғыл түрде 1414 нөміріне немесе compliance.control@gov4c.kz электрондық поштасына хабарлай аласыз. Сыбайлас жемқорлық пен алаяқтыққа бей-жай қарамаңыз.