2025 жылғы 24 сәуірде «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Директорлар кеңесінің ішкі отырысы өтті, оған Директорлар кеңесінің мүшелері Е. Бердинов, Б. Бекбауов, А. Кенжеғалиев, З. Балиева, К. Омаров, И. Талло қатысты.
Директорлар кеңесінің өткізілген отырысының қорытындылары бойынша келесі негізгі шешімдер қабылданды: Мемлекеттік корпорация Омбудсмені Әбішев Бақыт Шалхарұлының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату және Саркеев Бақытжан Құрманбайұлын осы лауазымға оның өкілеттік мерзімі мен лауазымдық жалақысы мөлшерін айқындай отырып, тағайындау туралы шешім қабылданды.