Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға
Қызметтер Сұрақтар Жаңалықтар Деректер
Attach file

1414

Мемлекеттік қызметтер
сұрақтары бойынша
бірыңғай байланыс орталығы

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясында Директорлар кеңесінің отырысы өтті

2025 жылғы 10 сәуірде «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясында Директорлар кеңесінің ішкі отырысы өтті, оған Директорлар кеңесінің мүшелері Е. Бердинов, А.Кенжеғалиев, З.Балиева, К. Омаров, И. Талло қатысты.

Директорлар кеңесі отырысының қорытындылары бойынша келесі негізгі шешімдер қабылданды:

Мемлекеттік корпорацияның 2024 жылғы активтерінің іске асырылу мәртебесі туралы ақпарат, Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры қызметі туралы ақпарат, 2024 жылғы II жартыжылдықтағы тәуекелдерді басқару процесінің ағымдағы жай-күйі туралы есеп қаралып, назарға алынды. Мемлекеттік корпорацияның тәуекелдерді басқару саясатына толықтырулар енгізілді.

Сондай-ақ, Мемлекеттік корпорацияның 2025 жылға арналған Тәуекелдер тіркелімі мен тәуекелдер картасы, Мемлекеттік корпорацияның Ішкі аудит қызметінің 2025 жылға арналған жаңа редакциядағы жылдық аудиторлық жоспары, Мемлекеттік корпорацияның контрагенттерін кешенді тексеру Регламенті, Мемлекеттік корпорацияның Ішкі аудит қызметі және Комплаенс бақылау қызметі жұмыскерлерінің, сондай-ақ корпоративтік хатшының 2024 жылғы жұмыс нәтижелері бойынша қорытындысы бекітілді.

Сонымен қатар Комплаенс бақылау қызметінің комплаенс-талдаушысының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату және бас менеджерін тағайындау туралы шешім қабылданды.