Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға
Біз туралы Қызметтер Сұрақтар Деректер
Attach file

1414

Мемлекеттік қызметтер
сұрақтары бойынша
бірыңғай байланыс орталығы

Мемлекеттік корпорацияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бойынша семинар өтті

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы мен Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі арасындағы тұрақты өзара іс-қимыл аясында бүгін «Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс» тақырыбында семинар өтті. Іс-шараға Басқарма мүшелері, құрылымдық бөлімшелер мен Филиал басшылары қатысты.

Семинар барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру басқармасының басшысы Уәлихан Құрамаев қатысушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістермен таныстырып, Қазақстанда сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары үшін жауапкершіліктің күшейтілгенін атап өтті. Ол сондай-ақ, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекеттік корпорация қызметкерлері мемлекеттік қызметшілерге теңестірілгенін және оларға қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қолданылатынын жеткізді.

Кездесуде квазимемлекеттік сектор ұйымдарында комплаенс-қызметінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік ахуалын орнатудағы рөліне ерекше назар аударылды.

Мемлекеттік корпорацияның Басқарма Төрағасы Арман Кенжеғалиевтің айтуынша, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті толық қолдап, сонымен қатар ашықтықты қамтамасыз ету мен құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларды белсенді іске асыруда.

«Біз сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстанамыз. Сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарының алдын алу шаралары Мемлекеттік корпорацияның барлық қызметкерлеріне бірдей қолданылады. Әріптестеріміздің әрқайсысы жұмыс барысында қосарланған стандарттарға жол беруге болмайтынын жақсы біледі. Біз қызметіміздің барлық бағытына сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың қағидаттары мен элементтерін енгізуге, заңдылықты қамтамасыз етіп, азаматтардың мүддесін қорғауға ұмтыламыз, – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Басқарма Төрағасы Арман Кенжеғалиев.

Семинарда жемқорлықтың алдын-алу шараларының құралдарына және Мемлекеттік корпорация тарапынан қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы этика бойынша тұрақты білім алуына баса назар аударылды.

Сондай-ақ, қатысушылар ХҚКО және мамандандырылған ХҚКО-ларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлікті енгізу бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыру ниетін білдірді. 

Footer with Updated Contact Info