Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға
Қызметтер Сұрақтар Жаңалықтар Деректер
Attach file

1414

Мемлекеттік қызметтер
сұрақтары бойынша
бірыңғай байланыс орталығы

Директорлар кеңесінің отырысы өтті

2025 жылғы 27 наурызда «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Директорлар кеңесінің ішкі отырысы өтті, оған Директорлар кеңесінің мүшелері Е. Бердинов, А. Кенжеғалиев, З. Балиева, К. Омаров, И. Талло қатысты.

Директорлар кеңесінің өткізілген отырысының қорытындылары бойынша келесі негізгі шешімдер қабылданды: Мемлекеттік корпорация Басқармасының 2024 жылға арналған Мемлекеттік корпорацияны дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру туралы есебі, Мемлекеттік корпорацияның сыбайлас жемқорлық пен алаяқтыққа қарсы іс-қимыл саясатына өзгерістер мен толықтырулар, Мемлекеттік корпорацияның комплаенс бақылау қызметінің құрылымы мен штат саны бекітілді.

Мемлекеттік корпорацияның комплаенс бақылау және ішкі аудит қызметтерінің жұмыскерлері тағайындалды.

Сондай-ақ, 2024 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша Мемлекеттік корпорацияның Директорлар кеңесі мен оның комитеттерінің қызметіне бағалау жүргізу мәселесі бойынша шешімдер қабылданды.

Мемлекеттік корпорация Омбудсменінің 2024 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есеп, 2024 жылғы IV тоқсандағы және 2024 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша Мемлекеттік корпорацияның Комплаенс бақылау және ішкі аудит қызметтерінің есебі, Мемлекеттік корпорацияның Корпоративтік хатшысының Мемлекеттік корпорацияның Директорлар кеңесінің, оның комитеттерінің және Мемлекеттік корпорацияның Корпоративтік хатшысының 2024 жылғы жұмысы туралы есебі қаралды.