Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға
Қызметтер Сұрақтар Жаңалықтар Деректер
Attach file

1414

Мемлекеттік қызметтер
сұрақтары бойынша
бірыңғай байланыс орталығы

Комплаенс-бақылау қызметі: қауіптерден сақтау

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы сыбайлас-жемқорлықтың алдын алу бойынша тиімді шараларды жүзеге асыруда.

Комплаенс-бақылау қызметі Мемлекеттік корпорацияда 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оның негізгі міндеті – сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету, жемқорлық пен алаяқтық тәуекелдерін анықтау, сондай-ақ халықаралық стандарттарға сүйене отырып, қауіп-қатердің алдын алуға бағытталған құралды енгізу.

2023-2024 жылдары Комплаенс-бақылау қызметіне азаматтардан 400-ден астам өтініш келіп түсті, олардың барлығы мұқият зерттелді. Сонымен қатар, 230-дан астам серіктес ұйым тексеріліп, сенімділігі бағаланды. Мемлекеттік корпорацияның 2000-ға жуық қызметкерін мүдделер қақтығысына тексеру өткізілді. Бұл өз кезегінде 120-ға жуық ықтимал құқықбұзушылықтың алдын алуға мүмкіндік берді.

Сыбайлас жемқорлық пен беделге нұқсан келтіру қаупін болдырмау мақсатында корпоративтік бағдарламалар енгізіліп, сыбайлас жемқорлық пен алаяқтық тәуекелдерін азайту мақсатында тұрақты түрде ішкі талдау жүргізілуде. Бұл тәуекелдердің алдын алуға, бизнес-процестердің ашықтығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызметкерлер мен клиенттер арасында адалдық пен сенімділік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Комплаенс-бақылау қызметіндегі қолданыстағы жобалар «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясында құқықбұзушылықтарға деген нөлдік төзімділік қағидатын қалыптастырады, ал қызметкерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы этика нормалары бойынша тұрақты оқыту мен ішкі арналардың, соның ішінде анонимді өтініштерді қабылдайтын арнаның болуы компанияда жоғары моральдық стандарттарды сақтауға ықпал етеді.

Комплаенс-бақылау қызметі ішкі ортаны сыбайлас жемқорлық пен беделдік тәуекелдерден қорғаудың маңызды құралына айналды. Ол мемлекеттік қызметтерді тұрақты әрі сенімді көрсетуге кепілдік береді.

Егер сіз қызметтерді алу барысында Мемлекеттік корпорация мамандарының тарапынан болған сыбайлас жемқорлық, алаяқтық және әдепті бұзу фактілерінің куәгері болсаңыз, 1414 нөміріне немесе compliance.control@gov4c.kz электрондық поштасына хабарлаңыз.