90 жерге орналастырушы ЦДИАӨМ, Ауыл шаруашылығы министрлігі және «Азаматтарға арналған үкімет» басшылығының Алғыс хаттары мен Құрмет грамоталарына, сондай-ақ «Құрметті жерге орналастырушы» төсбелгілеріне ие болды. Марапатталғандардың басым бөлігі – Мемлекеттік корпорация Филиалдарының қызметкерлері.
Аудандық деңгейге дейінгі кеңейтілген филиалдық желілері арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы мемлекеттік жер кадастрын жүргізу міндетін атқара отырып, азаматтарға Қазақстандағы жер учаскелері бойынша ақпаратты ашық әрі қолжетімді форматта ұсынады.
Мемлекет басшының тапсырмасы аясында жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру мақсатында 2023 жылдың 3 шілдесінде Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры (БМЖМК) ақпараттық жүйесі іске қосылды. Бұл жүйе жер және жылжымайтын мүлік кадастрлары ақпараттық жүйелерін біріктірді.
2024 жылы Мемлекеттік корпорацияның БМЖМК ақпараттық жүйесі арқылы 301 366 жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты дайындалды.
«Жер қатынастары саласындағы жұмыс арнайы білім мен жоғары кәсіби біліктілікті, жауапкершілік пен жеделдікті, сонымен қатар дәлдікті талап етеді. Сіздердің ерен еңбектеріңіз халқымыз бен еліміздің дамуы үшін аса маңызды. Кәсібиліктеріңіз бен іске деген адалдықтарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыңызға амандық тілеймін», – деді марапаттау рәсімінде «Азаматтарға арналған үкімет» Басқарма Төрағасы Арман Кенжеғалиев.
Кездесу барысында осы саланың ардагерлері де сөз сөйлеп, жерге орналастыру, геодезия және картография бағытында жүргізіліп жатқан цифрландыру жұмыстарының жетістіктері мен кадрлық құрамның жоғары деңгейін ерекше атап өтті. Олар жас мамандарды саланың беделін сақтауға, кәсіби дәстүрлерді жалғастыруға шақырды.