Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға
Қызметтер Сұрақтар Жаңалықтар Деректер
Attach file

1414

Мемлекеттік қызметтер
сұрақтары бойынша
бірыңғай байланыс орталығы

Сиқырлы дата: қанша жұп шаңырақ көтерді?

Қазақстанда 2025 жылдың 25 ақпанында некеге тұру бойынша рекордтық көрсеткіш орын алды. Айтулы күнде мыңға жуық жұп ресми түрде отбасын құрды. Бұл елдегі күнделікті орташа көрсеткіштен екі есе жоғары.

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік Корпорациясының мәліметінше, ең жоғары көрсеткіш Алматы, Астана қалаларында, сондай-ақ Қостанай облысында тіркелген.

Ал керісінше, Ұлытау, Қызылорда және Жамбыл облыстарында бұл көрсеткіш айтарлықтай төмен болды.

Мемлекеттік Корпорацияның деректеріне сүйенсек, жалпы елімізде күн сайын шамамен 500 неке тіркеледі. Бұл 2025 жылғы 25 ақпандағы көрсеткіштен 2 есе аз.

Айта кетейік, 2024 жылы АХАТ бөлімдері арқылы 125 544 неке рәсімделген. Өткен жылы ең көп неке шілде айында қиылып, 13 257 жұп отбасын құрды. Ал ең аз неке саны мамыр, наурыз және қараша айларында тіркелген, әр айда шамамен 8 мың неке қиылған.