Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Мемлекеттік корпорация филиалдарының қызметкерлерімен кездесу өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты құқықтық сауаттылық пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың тәжірибелік тетіктерін түсіндіру.
Іс-шараға Мемлекеттік корпорация филиалдарының басшылығы мен қызметкерлері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілдері -генерал-майор Денис Шакенов, полковник Нұрлан Садықов және майор Еркебұлан Тынысбек қатысты.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың туындауына ықпал ететін жағдайлар мен факторларды жоюдың маңыздылығына, сондай-ақ ашықтық пен ішкі бақылауды арттыру үшін тиімді шараларды енгізуге баса назар аударылды. Қатысушылар сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау және Қазақстан Республикасының заңнамасын қатаң сақтау үшін ведомствоаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.
«Еске сала кетейін, биыл 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік корпорацияның барлық қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының қолданысына жатады. Мұндай кездесулер сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте әрбірінің өз жауапкершілігін сезінуі және белгіленген нормалар мен стандарттарды қатаң сақтауы үшін өте маңызды», – деді Мемлекеттік корпорация Басқарма Төрағасының орынбасары Ғалым Қарқынбаев.
Айта кетейік, қызметкерлергее сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңыздылығын жайлы нақты түсінік қалыптастыру және этикалық нормаларды сақтаудың жоғары мәдениетін қолдау мақсатында тренингтер мен түсіндіру іс-шаралары тұрақты түрде ұйымдастырылып отырады.