Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға
Қызметтер Сұрақтар Жаңалықтар Деректер
Attach file

1414

Мемлекеттік қызметтер
сұрақтары бойынша
бірыңғай байланыс орталығы

Жүргізуші куәлігіне үміткерлерге маңызды ақпарат

Автомектеп түлектерінің Мемлекеттік корпорацияның базасындағы ақауларға байланысты жүргізуші куәлігін алу емтихандарынан өте алмай жатқаны туралы көптеген жариялымдар мен шындыққа жанаспайтын ақпараттардың таралуына байланысты жағдайды түсіндіреміз.

ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО «бір терезе» қағидаты бойынша ХҚКО интеграцияланған ақпараттық жүйесі (ХҚКО ИАЖ) арқылы жұмыс істейді және ол басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен біріктірілген.

«Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, жүргізушілерді даярлау жөніндегі оқу ұйымдарын есепке алу және оқу топтарын тіркеу Ішкі істер министрлігінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Жүргізушілерді даярлау жөніндегі барлық оқу орталықтары өз түлектері туралы ақпаратты «Автомектеп» бірыңғай жүйесіне енгізуге міндетті. Бұл процесті автоматтандыруға және оны ашық етуге, сонымен қатар, куәліктерді қолдан жасау және жалған куәліктерді беру ықтималдылығын жоюға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті «Автомектеп» ААЖ-де техникалық жұмыстардың аяқталғаны туралы хабарламасынан кейін, 2025 жылдың 14 қаңтарында Мемлекеттік корпорация ААЖ-мен интеграцияны алдын ала аяқтағаннан кейін енгізілген өзгерістерге сәйкес өз жұмысын жалғастырды. Нақтылай кету керек, оқуды аяқтағаны жөніндегі мәліметтері жүйеде тіркелмеген үміткерлерге ғана «Жүргізуші куәлігін алу» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартылады.

Айта кету керек, Мемлекеттік корпорация білім беру ұйымдары және азаматтармен белсенді жұмыс істеуде және оларға «Автомектеп» ААЖ-мен жұмыс істеу бойынша консультациялар мен әдістемелік ұсыныстармен бөлісуде. Бұл шаралар нормативтік-құқықтық талаптардың сақталуын және мәліметтердің жүйеге дұрыс енгізілуін қамтамасыз етуге бағытталып, мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту тәуекелдерін барынша азайтуға көмектеседі.

Мемлекеттік корпорация жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыратын немесе болашақта тапсыруды жоспарлап жүрген барлық үміткерлерге https://avtomektep.kz онлайн-ресурсы арқылы оқу курсын аяқтағаны туралы куәліктің тіркелуін тексеруді ұсынады. Жүйеде деректер болмаған жағдайда, ақпаратты енгізу үшін оқу орталығына жүгіну керек.