2024 жылғы 24 желтоқсанда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Директорлар кеңесінің ішкі отырысы өтті, оған Директорлар кеңесінің мүшелері Б. Бекбауов, А. Кенжеғалиев, З. Балиева, К. Омаров, Е.Бердинов, Талло И. қатысты.
Директорлар кеңесінің өткізілген отырысының қорытындылары бойынша келесі негізгі шешімдер қабылданды. Мемлекеттік корпорацияның 2022-2026 жылдарға арналған даму стратегиясына өзгерістер, Мемлекеттік корпорацияның сыйлықтар, мәдени-ойын-сауық және өзге де өкілдік іс-шаралар саласындағы саясатына өзгерістер, Мемлекеттік корпорацияның Ішкі аудит қызметінің 2025 жылға арналған Жылдық аудиторлық жоспары және бюджеті, Мемлекеттік корпорацияның Комплаенс бақылау қызметінің 2025 жылға арналған жұмыс жоспары, Мемлекеттік корпорация Омбудсменінің 2025 жылға арналған жұмыс жоспары, Мемлекеттік корпорацияның Директорлар кеңесінің 2025 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.
Сонымен қатар Корпоративтік хатшы, Ішкі аудит және Комплаенс бақылау қызметтері жұмыскерлері қызметінің мотивациялық негізгі көрсеткіштерінің 2025 жылға арналған карталары бекітілді, Мемлекеттік корпорацияның Ішкі аудит қызметінің штат саны бойынша мәселе қаралды, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның Комплаенс бақылау қызметінің комплаенс-тәуекелдерді басқару жөніндегі бас менеджерінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Мемлекеттік корпорацияның Халыққа қызмет көрсету орталықтары құрылуының 20 жылдығын ұйымдастыру және мерекелеу жөніндегі ақпарат қаралып, назарға алынды.