Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға
Қызметтер Сұрақтар Жаңалықтар Деректер
Attach file

1414

Мемлекеттік қызметтер
сұрақтары бойынша
бірыңғай байланыс орталығы

Мемлекеттік корпорацияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар өтті

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясында мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оның алдын алу бойынша шаралар қабылдау туралы кездесу өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 

Семинар ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превентивтік қызметінің ерекше маңызды істер жөніндегі аға офицері Жазира Жылқышиеваның, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Басқарма аппаратының құрылымдық бөлімшелері мен филиалдарының қызметкерлерінің қатысуымен өтті. 

Жазира Жылқышиева қатысушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды күшейтуге бағытталған заңнамадағы негізгі өзгерістермен таныстырды. Ол өз сөзінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда озық халықаралық стандарттар негізінде жаңа құралдарды қолданудың маңыздылығын атап өтті. 

Басқарма Төрағасы Арман Кенжағалиев өз кезегінде, Мемлекеттік корпорацияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларды одан әрі белсенді түрде жүзеге асырып, ашықтықты қамтамасыз етіп, ықтимал құқық бұзушылықтардың алдын алатынын атап өтті. 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл – бұл біржолғы тапсырма емес, барлық қызметкерлерді үнемі жетілдіруді және дамытуды талап ететін жүйелі жұмыс. Біз өз қызметіміздің ашық және азаматтардың мүдделеріне бағдарлануын қамтамасыз етуге тырысамыз», – деп атап өтті Арман Кенжағалиев. 

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының мемлекеттік қызмет көрсетумен айналысатын немесе дербес деректерге қол жеткізе алатын қызметкерлері мемлекеттік қызметшілерге теңестіріледі.