Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға
Қызметтер Сұрақтар Жаңалықтар Деректер
Attach file

1414

Мемлекеттік қызметтер
сұрақтары бойынша
бірыңғай байланыс орталығы

9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні

9 желтоқсанда Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні атап өтіледі. Бұл күн адалдық, ашықтық және барлық деңгейдегі құқықтық мемлекет қағидаттарын сақтауға деген ұмтылыстың символына айналды.

Мемлекеттік корпорация сыбайлас жемқорлық пен алаяқтық қоғам мен экономиканың дамуына төнетін қауіп-қатерді  түсіне отырып, бұл құбылыстарға мүлдем төзбеушілік қағидаттарын берік ұстанады. «Азаматтарға арналған үкімет» өз қызметі шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарды белсенді түрде іске асырып, сыбайлас жемқорлық тәжірибелерінің алдын алуға және жолын кесуге бағытталған ішкі саясатты әзірлейді және енгізеді.

Бұл саладағы маңызды қадамдардың бірі – корпоративтік мәдениеттің ажырамас бөлігіне айналған сыбайлас жемқорлық пен алаяқтыққа қарсы саясатты бекіту. Онда компанияның жоғары этикалық стандарттарды сақтау, барлық бизнес-процестердің ашықтығын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық пен алаяқтықтың кез келген нысандарын болдырмау жөніндегі стратегиясы мен міндеттемелері нақты бекітілген.

Сонымен қатар, Мемлекеттік корпорацияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты сақтау мәселелері бойынша оқыту жүйелі түрде жүргізіледі. Саясатты іске асыру шеңберінде заңсыз ықпал етудің кез келген әрекетін анықтау және болғызбау жөніндегі шаралар, сондай-ақ ішкі бақылау мен есептіліктің тиімді тетіктері көзделген.

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тек мемлекеттік органдардың ғана емес, корпоративтік құрылымдардың да міндеті екенін еске салады. Мемлекеттік корпорация өз жұмысында адалдықтың жоғарғы стандарттарын белгілей отырып, қызметінің барлық деңгейінде ашықтық пен тазалыққа ұмтылуды жалғастыруда.

Естеріңізге сала кетсек,  мемлекеттік қызметті алу барысында  Мемлекеттік корпорация қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық, алаяқтық немесе әдепті бұзу фактілеріне куә болған жағдайда  дереу 1414 нөмірі немесе compliance.control@gov4c.kz электрондық поштасына  жүгінуіңіз қажет. Сыбайлас жемқорлық пен алаяқтық құқық бұзушылықтарға бей-жай қарамаңыз.