Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға
Қызметтер Сұрақтар Жаңалықтар Деректер
Attach file

1414

Мемлекеттік қызметтер
сұрақтары бойынша
бірыңғай байланыс орталығы

Мемлекеттік корпорацияда директорлар кеңесінің отырысы өтті

2024 жылғы 02 желтоқсанда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ директорлар кеңесінің ішкі отырысы өтті. Оған Директорлар кеңесінің мүшелері Н. Абаханов, А. Кенжеғалиев, З. Балиева, К. Омаров, Е. Бердинов, И. Талло қатысты.  

Директорлар кеңесінің өткізілген отырысының қорытындылары бойынша келесі негізгі шешімдер қабылданды.  Мемлекеттік корпорацияның 2021-2025 жылдарға арналған 2023 жылғы даму жоспарын іске асыруды бағалау, Мемлекеттік корпорацияның 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары (2024 жыл, II жартыжылдықты нақтылау), Мемлекеттік корпорацияның 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары  (2025 жыл, жыл сайынғы нақтылау) бекітілді. Сондай-ақ, Мемлекеттік корпорацияның Ішкі аудит және комплаенс бақылау қызметтерінің 2024 жылғы II-III тоқсандағы жұмыс қорытындылары бойынша есептері назарға алынды.

Сонымен қатар, Комплаенс бақылау қызметінің штат саны мәселелері қаралып, Мемлекеттік корпорацияның Ішкі аудит және комплаенс бақылау қызметтерінің жұмыскерлері тағайындалды.