Қолданба ретінде орнату
1) Safari немесе Chrome браузерін ашыңыз
1.1) Safari Үшін
2.2) Chrome үшін мәзірді ашыңыз
2) Үйге арналған экранға
Қызметтер Сұрақтар Жаңалықтар Деректер
Attach file

1414

Мемлекеттік қызметтер
сұрақтары бойынша
бірыңғай байланыс орталығы

Мемлекеттік корпорацияның кәсіпкерлік субъектілерімен серіктестік: дербес деректердің қауіпсіздігінің кепілі

Мемлекеттік корпорацияның серіктесі болып тек сенімді, тексерілген және клиентке бағдарланған кәсіпкерлік субъектілері ғана бола алады. Бұл туралы Мемлекеттік корпорация баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Сондай-ақ, серіктестердің клиенттің келісімінсіз дербес деректерге қол жеткізу мүмкіндігі болмайтыны атап өтілді. Сәйкесінше, қызмет алушы туралы ақпарат өтінімді рәсімдеу сәтінде ғана қолжетімді болады.

Бүгінгі таңда ХҚКО-ларда дербес деректерге қол жеткізу процесі екі тәсілмен, яғни биометриялық сәйкестендіру және дербес деректерге қол жеткізуді бақылау сервисі (МБС) арқылы жүзеге асырылады. Олар ақпаратты рұқсатсыз алудан немесе таратудан қорғайды. Айта кетейік, МБС бұл 1414 нөмірінен түсетін SMS арқылы жүзеге асады, хабарламаға қызмет алушы келісіммен жауап беруі қажет. Деректерге қол жеткізу тек сұралған қызмет шегінде ғана ұсынылады. Егер хабарлама түскен сәтте азамат ешқандай қызметке сұраныс болмаса, онда хабарламадағы деректерді беруден бас тарту батырмасын басу керек. Көрсетілетін қызметті алушының келісімінсіз ақпаратқа қол жеткізу мүмкін емес. Дәл осындай жұмыс механизмі серіктестер үшін де қарастырылатын болады.

«Бүгінгі таңда серіктестікке 150-ден астам өтінім келіп түсті. Алматы, Астана және Алматы облыстарының кәсіпкерлік субъектілері өздерінің қызығушылықтарын көрсетті. Олардың барлығы мұқият іріктеуден өтеді. Біз екінші деңгейдегі банктермен, ірі компаниялармен және т.б. серіктестікті қарастырамыз. Ең алдымен, бағдар халықтың сенімін тудыратын сенімді серіктестерге бағытталған», - деп атап өтті Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.

Айта кетейік, халыққа үйреншікті ХҚКО-лар да азаматтарды әдеттегідей қабылдауды жүзеге асыратын болады. Көрсетілетін қызметті алушылар үшін бұл тек таңдау мәселесі.