«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ алаңында елордалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының ұйымдастыруымен семинар өтті.
Іс-шара Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі аясында қаралатын әкімшілік сот істері бойынша сот тәжірибелерін талқылау, әкімшілік рәсімдік және процестік нормаларды жетілдіру, сонымен бірге Кодекстің кейбір нормаларын түсіндіру және тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылды. Семинар барысында баяндамашылар қызметкерлермен кері байланыс орната отырып, тренинг аясында туындаған сұрақтарға жауап берді.
Семинарға Мемлекеттік корпорацияға Басқарма аппараты мен филиалдарының құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері, Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьялары Алия Иманбаева, Бақытбек Даутов, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Құқықтық түсіндіру және үйлестіру департаментінің сарапшысы Әсел Әубәкірова қатысты.